Жаңалықтар


01.10.2009

Астана қаласының әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды

Астана. 2 қазан. Астана қаласының әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды.

Астана қаласы әкімінің орынбасары болып елордалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған Қанат Сұлтанбеков тағайындалды. Ол жұмыс орнын ауыстырған Тимур Жақсылықовты алмастырды.

Осы орайда қала әкімінің орынбасарлары арасындағы қызметтік міндеттер қайтадан қарастырылды. Қ. Сұлтанбеков көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жауапты болады.

Экономикалық дамыту және қаржы мәселелерімен қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов айналысады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жаңа бастығы қызметіне елорда әкімінің өкімімен Рашид Аманжулов тағайындалды, бұған дейін ол қала әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Рашид Аманжуловтың орнына Астана қаласы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болып Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің жетекшісі Ерлан Каналимов тұрды.

Әкімнің кеңесшісі Павел Кулагин Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің жетекшісі қызметін атқаратын болады.



:

KZ назад в раздел