Жаңалықтар


03.10.2009

Қоян-қолтық ұрыс түрінде сынға түскен қазақстандықтар 2009 жылғы Азияның ашық біріншілігіне ұтысқа тігілген барлық алтынды жеңіп алды

Астана. 28 қыркүйек. Демалыс күндері Астанада орын алған қоян-қолтық ұрыстан Азияның тұңғыш чемпионаты қазақстандықтар үшін сәтті өтті, отандастарымыз әртүрлі салмақ дәрежесінде алтын медальдарға ие болды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қоян-қолтық ұрыстан Азия  чемпиондары атағын  қазақстандық чемпиондарымыз  Қанат Бағланов (60кг) және Қуаныш Қошаев (71кг), Рафик Эйвазов (56кг), Мардан Мұздаев (65кг), Жанат Нұрпейісов (78кг), Азат Тагиев (86), Антон Аманбаев (95кг) және Руслан Аушев (95кг) иеленді.

Жалпы есепте екінші орынды Тәжікстан алды, ал қола жүлдесі Қырғызстандық  өжеттерге тиді. Жарыс қыркүйектің 27 мен 28 аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтті.

«Қазақстан-Жаңалықтары» агенттігінің мәлімдемесі


:

KZ назад в раздел