Жаңалықтар


04.10.2009

Мемлекет басшысы осы аптаның соңында арнайы іс-сапармен Әзірбайжан еліне барады.

Астана. 28 қыркүйек.Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев   2 қазанда арнайы іс-сапармен Әзірбайжан еліне барады.

«Екі мемлекет басшыларының арасындағы келіссөздердің басты тақырыбы Қазақстан –Әзірбайжан елдерінің екіжақты және жан-жақты форматтағы өзара іс-кимылдары, ахуалы мен болашағы жөнінде  болады», - деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров дүйсенбі күнгі баспасөз брифингісінде.

Оның айтуы бойынша, күн тәртібіне қойылған мәселелердің қатарында энергетика, транзит және көлік жүйелері, ауылшаруашылық, білім және туризм салаларындағы ынтымақтастық, мұнайгаз жабдықтарын шығару, халықаралық кеме қатынасы (Каспий теңізінде), біріккен көліктік-логистикалық компаниялардың құрылуы туралы талқыланады.

Н.Назарбаевтың арнайы іс-сапарына қазанның 1-де Баку қаласында өтетін  Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының  алтыншы мәжілісі қатар келіп отыр.

Мәжілісте Қазақстанның делегациясын Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, ал Әзірбайжан делегациясын өнеркәсіп және энергетика министрі Натиг Алиев басқаратын болады.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің мәлімдемесі


:

KZ назад в раздел